Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Францияда коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасы салынбақ

2021 жылдың 5 тамыз 2021 20:57

ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Франция президенті егде жастағы француздар мен денсаулығы нашар адамдарға коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасының салынуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Эммануэль Макрон Instagram-да жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жан-жағынан алып қарағанда, денсаулығы әлсіз және егде жастағы адамдарға вакцинаның үшінші дозасын салу қажет. Біз бұл іске дайындық үстіндеміз. Күздің басынан бастай аламыз», - деді Макрон.

Француз президенті қазіргі уақытта Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан Брегансон фортындағы жазғы резиденциясында демалыста. Сол жерден аптаның басынан бері әлеуметтік желілерде француздармен елді коронавирустан қорғау және биліктің жаңа шаралары туралы белсенді түрде талқылау жүргізеді.



Басты сөздер: Әлемдегі коронавирус,
Жоғары қарай