Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футбол: «Ақтөбе» клубының бас бапкері қызметінен кетті

2021 жылдың 5 мамыр 2021 23:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан «Ақтөбе» клубының бас бапкері, белоруссиялық маман Алексей Бага қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе» футбол клубы мәлім еткеніндей, тараптар өзара осындай шешімге келген.

Футболдан Қазақстан чемпионатының оныншы турында Талдықорғанда «Жетісумен» өтетін ойында бас бапкер міндетін Владимир Зеленовский атқаратын болатын. Ол бірінші лигада да осындай қызметті уақытша қолға алған еді.

Ел біріншілігінде төрт тур қатарынан жеңіліске ұшыраған ақтөбеліктер турнир кестесінде 9 ұпаймен оныншы орында келеді.

Сонымен қатар «Ақтөбе» футбол клубы белгілі қазақстандық аяқдоп шебері Юрий Логвиненкомен келісімшартқа қол қойылғанын жария етті.

Осылайша Ақтөбе футболының түлегі Ю.Логвиненко өз командасына қайта оралып отыр. Ол Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 49 матч өткізіп, 5 гол соқты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ковталюктың үш добы «Ақжайыққа» жеңіс әпергенін жазған болатынбыз.




Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Ақтөбе облысы, Спорт,
Жоғары қарай