Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футбол: «Ақжайық» өз алаңында ел чемпионы «Қайратты» ұтты

2021 жылдың 14 мамыр 2021 18:03

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Футболдан Қазақстан чемпионатының 11-турында Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында Алматының «Қайратын» қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел чемпионы «Қайрат» бұған дейін 17 ұпаймен үшінші орында келе жатса, одан екі ұпайы кем оралдық команда 5-сатыда еді.

«Ақжайықтың» құрамында өткен ойында жарақат алып қалған қақпашы Сергей Литовченконың орнына Илья Караваев шықты.

Бірінші таймда алматылықтар көбірек шабуылдағанымен, есеп ашылған жоқ.

Ойынның екінші кезеңінде 54-минутта қарымта шабуыл кезінде «Ақжайық» сапындағы белоруссиялық қорғаушы Павел Назаренко алға шығып кеткен «Қайраттың» қақпашысы, Орал футболының түлегі Стас Покатиловтан допты асыра салды.





Матч соңына таман бұрыштамадан берілген допты «Қайрат» құрамындағы сербиялық қорғаушы Раде Дугалич баспен соққанымен, ол қақпа жақтауынан кері қайтты.

Осылайша премьер-лигадағы бюджеті ең аз клуб болғанына қарамастан, биыл қарқынды ойын өрнегін көрсетіп келе жатқан «Ақжайық» қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді – 1:0.

Турнир кестесінде 18 ұпаймен үшінші орынға көтерілген украиналық маман Владимир Мазярдың шәкірттері келесі кездесуін 18 мамыр күні сырт алаңда «Тұранмен» өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» Қызылордада «Қайсардан» басым түскенін жазған болатынбыз.








Фото: Айбатыр Нұраш


Жоғары қарай