Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футбол: «Ақжайық» өз алаңында «Ордабасыға» есе жіберді

2021 жылдың 12 маусым 2021 23:31

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Футболдан Қазақстан чемпионатының 15-турында Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралдықтар осыған дейін қатарынан екі матчта жеңіліс тауып, жағдайын қиындатып алған еді.

Шымкенттіктер де соңғы жеті турда жеңіс дәмін татпағандықтан, қос командаға да үш ұпай ауадай қажет болатын.




Бірінші таймда «Ақжайық» сапындағы украиналық шабуылшы Николай Ковталюк екі мәрте ұрымтал сәтті мүлт жіберді. Ойын соңына таман оның орнына шыққан ресейлік Дмитрий Мичуренков та түк бітіре алған жоқ. Есесіне 92-минутта «Ордабасының» сұрмергені, бразилиялық Жоао Паулоның алыстан тепкен добы «Ақжайықтың» қақпасынан бір шықты.








Осылайша соңғы бес кездесуде тең ойнаған қонақтар 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші айналымда да Шымкентте алаң иелері ұтылып жатып, қосымша минуттарда екі гол соғып, оралдықтарды қапы қалдырған еді.

Турнир кестесінде алтыншы орынға сырғыған «Ақжайық» соңғы үш матчта қарсыластар қақпасының кілтін таба алмай келеді. Бұл шабуыл шебінде ұрымтал сәтте матч тағдырын шешіп кететін Жоао Паулодай шебер футболшының жоқтығын көрсетеді.

Украиналық маман Владимир Мазярдың шәкірттері келесі ойынын 18 маусым күні Петропавлда жергілікті «Қызылжармен» өткізеді.





ФОТО: Айбатыр Нұраш
Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай