Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футбол: Англия кубогында лондондық «Арсенал» жеңімпаз атанды

2020 жылдың 2 тамыз 2020 00:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Англия кубогында лондондық «Арсенал» жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Финалда ел астанасы - Лондон қаласының намысын қорғап жүрген «Арсенал» және «Челси» командалары кездесті. Ойын «Wembley» стадионында өтті.

Кездесу барысында қос команда да кубокты жеңіп алуға барын салды. Алдымен 5-минутта «Челси» ойыншысы Кристиан Пулишич мергендік көрсетті. Ал 28-минутта «Арсенал» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг 28-минутта пенальтиден таразы басын теңестірді. Ол 67-минутта өз командасын алға шығарды. Ойында «Арсенал» қарсыласын 2:1 есебімен жеңіп, өзінің тарихында 14 мәрте кубокты төбесіне көтерді.

Айта кетейік, «Арсенал» Англия кубогын «Арсенал» жарыстың үшінші кезеңінен бастады. Алдымен «Лидс Юнайтедті» 1:0 есебімен тізе бүктірсе, одан кейін «Борнмутты» 2:1, «Портсмутты» 2:0 есебімен жеңді. Алтыншы кезеңде «Шеффилд Юнайтедті» орта жолда қалдырса, жартылай финалда «Манчестер Ситиден» 2:0 есебімен басым түсті. Осылайша финалға жолдама алды.

Финалға дейін «Челси» де бірнеше команданы орта жолда қалдырып кетті. Жарыстың үшінші сатысында «Ноттингем Форестті» 2:0, одан кейін «Халл Ситиді» 2:1, «Ливерпульді» 2:0 есебімен жеңді. Ал келесі кезекте «Лестер Ситиден» 1:0 есебімен басым түсті. Жартылай финалда «Манчестер Юнайтедті» 3:1 есебімен қапы қалдырды.

«Арсенал» Англия кубогында 13 дүркін чемпион атанды. Соңғысы - 2017 жылы. Сондай-ақ, 7 рет финалға шыққан болатын. Ал «Челси» аталмыш жарыста 8 мәрте жеңімпаз болды. Кубокқа олар соңғы рет 2018 жылы қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетелік, 27 шілдеде Англия Премьер-лигасы мәресіне жетті. Онда «Ливерпуль» чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Англия Премьер лигасының алдағы маусымы 12 қыркүйекте басталады. Ол 2021 жылдың 23 мамырында мәресіне жетеді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Еуропа, Спорт,
Жоғары қарай