Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футбол: «Астана» Португалияда ағылшын клубынан басым түсті

2020 жылдың 26 қаңтар 2020 01:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Астана» Португалия жерінде өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны барысында Англияның «Брентфорд» жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Брентфорд» деңгейі жағынан екінші дивизион саналатын чемпионшипте ойын көрсетеді. Алдағы маусымда Премьер-лигаға шығуға күш салып келеді.

Бүгінгі кездесуде «Астана» сапынан Рамазан Каримов 12, Дорин Ротариу 41, Алексей Щеткин 80, Тигран Барсегян 85-минуттарда гол соқса, оған ағылшын клубы екі голмен жауап қайырды.

Аталмыш кездесуде елордалық клуб сапында алғашқы кезеңде Непогодов, Рукавина, Кашкен, Малый, Логвиненко, Бейсебеков, Маевский, Перцух, Томасов, Ротариу, Каримов сынды ойыншылар жасыл алаңға шықты. Ал екінші кезеңде Павлов, Быстров, Бейсебеков, Постников, Томашевич, Шомко, Эбонг, Сигурьонссон, Барсегян, Жалмұқан, Щеткин ойын көрсетті.

Естеріңізге сала кетелік, 31 қаңтар-5 ақпан аралығында «Астана» Португалияда халықаралық «Atlantic Cup» жолдастық турнирінде ойын көрсетеді. Онда А тобында Данияның «Брондбю» және «Копенгаген», Швецияның «Норрчепинг» командалары сынға түседі.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай