Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футбол: «Бавария» UEFA суперкубогының иегері атанды

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 07:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Бавария» UEFA суперкубогының иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін суперкубок ойынында Германияның «Бавария» және Испанияның «Севилья» командалары кездесті.

Естеріңізге сала кетелік, биыл «Бавария» Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанса, «Севилья» «Севилья» Еуропа лигасында үздік болды.

Бүгінгі кездесуде испан футболшылары алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 13-минутында Лукас Окампос пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Ал 34-минутта «Бавария» футболшысы Леон Горецка таразы басын теңестіріп кетті. Ойынның қалған бөлігінде есеп өзгерген жоқ. Қос команда 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Осылайша кездесу қосымша кезеңге ұласты. «Бавария» сапынан Хави Мартинес 104-минутта қарсылас команда қақпашысын қапы қалдырды. Сонымен ойында неміс клубы 2:1 есебімен басым түсті.

Суперкубок 1972 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. «Бавария» 2013, «Севилья» 2006 жылы бір-бір мәртеден аталған кубоктың иегері атанған болатын.

Әзірге оны иелену жөнінен Испанияның «Барселона» және Италияның «Милан» командалары көш бастап тұр. Олардың еншісінде бес-бестен кубок бар.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай