Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Футбол: Чемпиондар лигасы қалай жалғасады

2020 жылдың 8 шілде 2020 19:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Чемпиондар лигасы 2019/20 жылғы кезеңінің алдағы өткізу жоспарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.

Мәлім болғанындай, ширек және жартылай финал ойындары бір кездесуден тұрады. Ойындар Португалия астанасы - Лиссабон қаласындағы «Эштадиу ду Бенфика», «Жозе Алваладе» стадиондарында өткізіледі. Ал 1/8 финалдың өткізілмей қалған қалған ойындары бұрынғысынша жоспарланған стадионда болуы мүмкін. UEFA жағдайға байланысты оны өздері де белгілеп беруі ықтимал.

Естеріңізге сала кетелік, финал «Эштадиу ду Бенфика» стадионында 23 тамызда болады.

Айта кетелік, қазір ширек финалға ПСЖ (Франция), «Атлетико Мадрид» (Испания), «Аталанта» (Италия) және «Лейпциг» (Германия) командалары жолдама алған. Ал қосымша төрт жолдама «Бавария» (Германия) және «Челси» (Англия), «Барселона» (Испания) және «Наполи» (Италия), «Манчестер Сити» (Англия) және «Реал Мадрид» (Испания), «Ювентус» (Италия) және «Лион» (Франция) командалары арасында жүргізіледі.

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы Черногориямен жолдастық кездесу өткізеді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Әлем,
Жоғары қарай