Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футбол: «Қайратқа» Армения құрамасының ойыншысы алынды

2020 жылдың 11 қаңтар 2020 17:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қайрат» футбол клубы Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Камо Оганесянмен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайрат» футбол клубы мәлім еткеніндей, К.Оганесян спорттық жолын 2008 жылы армениялық «Пюник» клубының құрамында бастады.

Камо еревандық командамен бірге 200-ден астам ойын өткізіп, 32 гол соқты.

2017 жылы Оганесян Беларусьтің премьер-лигасында өнер көрсететін «Торпедо-БелАЗ» (Жодино) клубымен келісімшарт жасасты. Мұнда ол 30 матчта 4 гол соқты.

Армения құрамасы сапында алғаш рет 2012 жылы Канада мен Сербиямен өткен жолдастық кездесулерде алаңға шықты. Жартылай қорғаушы ғана емес, шеткі қорғаушы ретінде ойын өрнегіне жан кіргізе білетін К.Оганесян ұлттық құрама жейдесін 50 рет киіп үлгерді.

Соңғы екі маусымды талдықорғандық «Жетісу» құрамында өткізген 27 жастағы армениялық футболшы 58 кездесуде қарсыластар қақпасына 6 доп енгізді, сондай-ақ 7 мәрте нәтижелі пас берді.

«Қайрат» футбол клубымен келісімшарт екі жыл мерзімге жасалған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Исламбек Қуаттың Ресейдің «Орынбор» клубына ауысқанын, ал «Астанаға» төрт футболшының қайтып оралғанын жазған болатынбыз.



фото: prosports.kz/kz
Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай