Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футбол: «Қайратта» доп тепкен екі ойыншы «Ақжайыққа» алынды

2021 жылдың 28 ақпан 2021 19:01

ОРАЛ. ҚазАқпарат – «Қайратта» доп тепкен екі ойыншы «Ақжайыққа» алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақжайық» футбол клубы мәлім еткеніндей, шабуылшы, 19 жастағы Вячеслав Швырев кәсіби жолын 2018 жылы алматылық «Қайраттың» құрамында бастады. Премьер- лигада 19 матчта екі голдың авторы атанып, бір рет нәтижелі пас берді.

Өз спорттық жолында 17 және 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы сапында өнер көрсетті.

2020 жылы «Қайрат-Жастар» құрамында 11 матч өткізіп, 3 гол соқты.

Жартылай қорғаушы, 26 жастағы Магомед Парагульгов та «Ақжайықпен» келісімшартқа қол қойды.

Ол «Қайрат», «Ертіс», сондай-ақ кипрлік «Эрмис» клубының сапында доп тепкен. Премьер-лигада 60 ойын өткізіп, 8 гол соқты. Қазақстан құрамасы сапында екі матчта алаңға шықты.

«Ақжайық» сондай-ақ Орал футболының түлектері Бауыржан Омаров, Руслан Қайыров, Эльдар Абдрахманов, Владимир Покатилов, Иван Антиповпен келісімшартты ұзартты.

Оралдық команда бүгін Түркияда оқу-жаттығу жиыны барысында соңғы бақылау ойынын Украина премьер- лигасының өкілі «Карпаты» клубымен өткізеді.

«Осымен жиын мәреге жетіп, елге ораламыз. Команда толық жасақталды деуге болады», - деді ҚазАқпарат тілшісіне «Ақжайық» футбол клубының директоры Азамат Шайхы.

Еске сала кетейік , бұдан бұрын «Ақжайыққа» тағы үш ойыншы қосылғанын жазған болатынбыз.



Жоғары қарай