Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футбол: Қазақстан мен Косово құрамасының матчы өтпейтін болды

2021 жылдың 19 мамыр 2021 21:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрама мен Косова құрамасы арасында жолдастық матчтың болмайтынын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«18 мамыр, 2021 жыл. Қазақстан үкіметі ұлттық құрамасының Косовоға келуіне рұқсат бермегендіктен, 4 маусымда Приштинада жоспарланған жолдастық матчтың болмайтынын хабарлаймыз. Бұған дейін дардандықтар Австрияда Мальтаға қарсы жолдастық матч өткізеді. Ал 8 маусымда Анталиядағы Комор аралдарына қарсы жоспарланған келесі жолдастық матч Гвинеямен ауыстырылады. Бұған себеп – Анталиядағы Covid-19 жағдайына байланысты қойылған шектеулер», – делінген Косовоның футбол федерациясы сайтында.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай