Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Футбол: Ресейде ойнап жүрген Бактиер Зайнутдинов ұлттық құрамаға шақырылды

2019 жылдың 30 қыркүйек 2019 19:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек қазан айында өтетін ойындарға шақырылған футболшылардың есімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан футбол федерациясынан мәлім еткеніндей, тізімге 23 футболшы енді.

Шақырылғандар қатарында Ресейдің «Ростов» командасының намысын қорғап жүрген жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдинов бар. Жарақатына байланысты біраз уақыт бойы емделген ол, алаңға Мәскеудің «Динамосымен» болған ойынның 81-минутында шығып, іле-шала премьер-лигадағы алғашқы голын соққан еді. Матчтан кейін «Ростовтың» бас бапкері Валерий Карпин Б.Зайнутдиновқа алдағы уақытта да сенім артатынын мәлімдеген болатын.

Сол секілді өткен турда «Қайсармен» ойында қос бірдей голдың авторы атанған «Астананың» шабуылшысы Сергей Хижниченко ел құрамасына қайта оралды.

Сонымен алдағы бәселекелерге мына футболшылар шақырту алып отыр.

Қақпашылар: Дмитрий Непогодов («Ордабасы»), Стас Покатилов («Қайрат»), Игорь Шацкий («Шахтер»);

Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко (барлығы - «Астана»), Нұралы Әліп, Ғафуржан Сүйімбаев (екеуі де - «Қайрат»), Александр Марочкин («Қайсар»), Темірлан Ерланов, Сергей Малый (екеуі де - «Ордабасы»), Олжас Керімжанов («Жетісу»), Ян Вороговский («Беерсхот», Бельгия);

Жартылай қорғаушылар: Юрий Перцух («Астана»), Айбол Әбікен, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат (барлығы – «Қайрат»), Асхат Тағыберген («Қайсар»), Бактиер Зайнутдинов («Ростов», Ресей);

Шабуылшылар: Максим Федин («Тобыл»), Тоқтар Жаңғылышбай («Ордабасы»), Сергей Хижниченко («Астана»).

Резерв: Владимир Плотников («Қайрат»), Асланбек Кәкімов («Ақтөбе»), Серікжан Мужиков, Роман Муртазаев (екеуі де - «Астана»), Аслан Дарабаев, Еркін Тапалов, Айбар Жақсылықов (барлығы - «Жетісу»), Думан Нәрзілдаев («Қайсар»), Марат Быстров, Тимур Досмағамбетов (екеуі де – «Ордабасы»), Виктор Дмитренко, Азат Нұрғалиев, Бауыржан Тұрысбек, Руслан Валиуллин, Дмитрий Мирошниченко (барлығы - «Тобыл»), Геворг Наджарян («Шахтер»).

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы «Астана Арена» стадионында алдымен 10 қазан күні Кипр құрамасымен кездеседі. Ойынның басталуы – 20.00. Ал 13 қазан күні 19.00-де Бельгия құрамасын қабылдайды.

Қазақстан құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде I тобында 7 ұпаймен әзірге үшінші орында келеді. Бұл топта көш бастаған Бельгияның 18, одан кейін Ресейдің 15 ұпайы бар. Кипр де Қазақстан секілді 7 ұпайға ие болса, бесінші орындағы Шотландияның қоржынында 6 ұпай бар. Сондықтан үшінші орын бәсекеде Кипрмен өтетін матч аса маңызды болмақ.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай