Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Футбол: Рудныйдың «Аяты» «Барселонамен» ойнайды

2019 жылдың 8 тамыз 2019 16:09

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Рудный қаласының «Аят» шағын футбол клубы Чемпиондар лигасына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Рудный қаласына жұмыс сапарымен барып, «Futsal Arena» спорт кешенінде болды. «Futsal Arena» – «Аят» шағын футбол командасының ойын аренасы.
«Бұл маусымда «Аят» шағын футбол клубы өз тарихында жаңа белеске шыққанын атап өту қажет. Клуб футзалдан Чемпиондар лигасына қатысатын болады. Рудныйлықтар испандық «Барселона», ресейлік «Тюмень», ҚР чемпионатының көшбасшысы алматылық «Қайрат» және басқа да еуропалық командалармен кездеседі. Ойыншылар мен команда басшылығы маңыздылығы жоғары турнирде алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін бар жігері мен шеберліктерін аямай жұмсайтынына, Еуропа шағын футболының тарихына енетініне сенімдімін», - деді облыс басшысы.
Архимед Мұхамбетов команда құрамымен кездесіп,алдағы еурокубок маусымында сәттілік тіледі.

Жоғары қарай