Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футбол: «Тобыл» күміс жүлдеге жақындай түсті

2020 жылдың 24 қараша 2020 21:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 20-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын елордалық «Астана» қызылордалық «Қайсардан» 3:1 есебімен басым түскен болатын .

Одан кейінгі кездесуде «Каспий» «Таразды» 1:0 есебімен тізе бүктірсе, «Қызылжар» мен «Ордабасы» 0:0 есебімен тең түсті.

Екінші орын алудан үміткер Қостанайдың «Тобыл» күміс жүлдеге жақындай түсті. Қостанайлық клуб бүгін көш соңында келе жатқан Көкшетаудың «Оқжетпесін» 2:0 есебімен жеңді.

Қола жүлдеге таласуға үміткер саналған Қарағандының «Шахтері» Талдықорғанның «Жетісуынан» 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Енді 20-тур ойындары 27 қараша күні өткізіледі. Бұл күні «Тобыл» мен «Тараз» , «Каспий» мен «Шахтер», «Жетісу» мен «Астана», «Қызылжар» мен «Қайсар» командалары кездеседі. Аталған турдағы «Қайрат» пен «Оқжетпес» командасы алдын- ала 11 наурызда кездесіп, алматылықтар 5:0 есебімен басым түсті.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай