Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Еуропа чемпионаты: Англия Хорватияны жеңді

2021 жылдың 13 маусым 2021 21:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысында Англия мен Хорватия құрамалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған екі команда D тобында сынға түседі. Қарсыластары -Чехия және Шотландия құрамалары.

Екеуі де әлемдегі үздіктер қатарында саналады. Сондықтан жанкүйерлер бүгінгі ойыннан тартысты бәсекені күтті.

Ойын барысында ағылшындық құрама сапынан 57-минутта Рахим Стерлинг мергендік танытты.

Кездесуде Англия қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Енді аталған топтағы Шотландия және Чехия құрамалары 14 маусымда шеберлік байқасады.

Биылғы біріншілікте барлығы 24 құрама сынға түседі. Әрбір топтан үздік екі команда мен көрсеткіші жоғары төрт құрама жарысты жалғастыруға мүмкіндік алады.

Ойындар дүбірлі дода тарихында тұңғыш рет Еуропаның 10 мемлекетінде орналасқан 11 стадионда өтуде. Бұл Еуропа чемпионатының 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған.

Футболдан Еуропа чемпионаты 11 маусымда басталды, 11 шілдеде мәресіне жетеді.




Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай