Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Еуропа чемпионаты: Бельгия Даниядан басым түсті

2021 жылдың 18 маусым 2021 00:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысының топтық кезеңі екінші турында Бельгия мен Дания құрамалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салсақ, аталған екі құрама В тобында сынға түседі. Қарсыластары – Ресей және Финляндия.

Алғашқы турда Бельгия Ресейден 3:0 есебімен басым түссе, Дания Финляндияға 0:1 есебімен есе жіберді.

Бұл топта кеше, 16 маусымда екінші турда Ресей Финляндияны 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Екі құрама бұған дейін 16 мәрте кездесті. Оның алтауында Бельгия жеңіп, алтауында Дания басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

Бүгінгі кездесуде қос құраманың жеңіске жетуге ұмтылысы байқалып тұрды. Алдымен даниялық Юссуф Поульсен 2-минутта есеп ашты. Бірінші кезеңде жанкүйерлер бұдан басқа гол көрген жоқ.

Екінші кезеңде Бельгия құрамасы алдымен таразы басын теңестіруге ұмтылды. Нәтижесінде 54-минутта Торган Азар мергендік танытса, Кевин Де Брёйне 70-минутта өз құрамасын алға шығарды.

Бұл топта үшінші тур ойындары 21 маусымда өткізіледі. Бұл күні Финляндия мен Бельгия, Дания мен Ресей құрамалары шеберлік байқасады.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай