Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Еуропа лигасы: «Арсенал» өз алаңында чех командасымен тең түсті

2021 жылдың 9 сәуір 2021 02:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, футболдан UEFA Еуропа лигасы 1/4 финалындағы алғашқы ойындар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Англияның «Манчестер Юнайтед» клубы сырт алаңда Испанияның «Гранада» командасын 2:0 есебімен сүріндірді.

Бұл ойында ағылшын клубы сапынан Маркус Рашфорд 31, Бруну Фернандеш 90-минуттарда мергендігімен көзге түсті.

Ал Нидерландының «Аяксы» өз алаңында Италияның «Ромасынн» 1:2 есебімен жеңілді.

Алдымен нидерландтық футболшы Дави Классен есеп ашса, оған италиялық клубтан Лоренцо Пеллегрини 57, Рожер Ибаньес 87-минуттарда қос голмен жауап қайырды.

Өз алаңында Хорватияның «Динамо Загреб» клубы Испанияның «Вильярреал» командасына 0:1 есебімен жол берді. Оны 44-минутта испандық Жерар Морено пенальтиден соқты.

Анлияның «Арсеналы» өз алаңында Чехияның «Славия Прага» клубымен 1:1 есебімен тең түсті.

Ойын барысында ағылшындық клуб сапынан 86-минутта Николя Пепе соққан голға чех футболшысы Томаш Голеш 90-минутта бір голмен жауап қайырды.

Айта кетейік, Еуропа лигасының финалы Польшаның Гданьск қаласындағы «Гданьск Арена» стадионында 26 мамырда өтеді.

2020 жылы Еуропа лигасында Испанияның «Севилья» командасы чемпион атанды.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Еуропа, Спорт,
Жоғары қарай