Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Еуропа лигасы қайта жалғасады

2020 жылдың 5 тамыз 2020 18:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін UEFA Еуропа лигасы 1/8 финалдық сатысы қайта жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус пандемиясы салдарынан аталған доп додасының 1/8 финалының қарымта ойындары 12 наурыздан кейін белгісіз мерзімге кейінге шегерілген еді. Сол ойындар 5 тамыздан бастап қайта жалғасатын болды.

Бүгін, 5 тамызда «Интер» (Италия) және «Хетафе» (Испания), «Копенгаген» (Дания) және «Истанбул Башакшехир» (Түркия), «Шахтер Донецк» (Украина) және «Вольфсбург» (Германия), «Манчестер Юнайтед» (Англия) және ЛАСК (Австрия) командалары кездеседі.

Ал 6 тамызда «Севилья» (Испания) және «Рома» (Италия), «Байер» (Германия) және «Глазго Рейнджерс» (Шотландия), «Вулвергемптон Уондерерс» (Англия) және «Олимпиакос Пирей» (Грекия), «Базель» (Швейцария) және «Айнтрахт Франкфурт» (Германия) командалары шеберлік байқасады.

Айта кетелік, жарыстың ширек және жартылай финал ойындары Германияның Гельзенкирхен, Дуйсбург, Дюссельдорф, Кёльн қалаларында өткізіледі. Ал финал 21 тамызда Кёльн қаласындағы «Рейн Энерги» стадионында болады.

Естеріңізге сала кетелік, UEFA Еуропа лигасы 1/8 финалдық сатысындағы бірқатар ойындарды Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсетеді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай