Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Ақтөбе» мен «Қайсар» тең түсті

2021 жылдың 14 мамыр 2021 20:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он бірінші турындағы тағы бір ойын аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жолы «Ақтөбе» өз алаңында Қызылорданың «Қайсар» командасын қабылдады. Екі команда да турнир кестесінде төменгі орындарда тұр. Алаң иелері 13 ұпаймен тоғызыншы орында тұрса, қызылордалықтар небәрі 6 ұпаймен 13 орынды місе тұтты.

Ойын барысында «Қайсар» алғашқы олып есеп ашты. Оны 27-минутта Каролис Лаукжемис өзінің еншісіне жазды. Ал 43-минутта ақтөбелік Игорь Сергеев таразы басын теңестіріп кетті. Осылайша кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін аталған турда екі ойын өткізілді. Алдымен «Тұран» сырт алаңда қарағандылық «Шахтерді», одан кейін Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында Алматының «Қайратын» 1:0 есебімен жеңді.

Енді 20.00-де «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Жетісу» (Талдықорған) шеберлік байқасады.

Ал 15 мамырда сағат 15.00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Каспий» (Ақтау) кездессе, 17.00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тобыл» (Қостанай) командалары шеберлік байқасады. Аталған турды сағат 19.00-де «Атырау» және «Тараз» кездесуі түйіндейді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай