Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Астана» қатарынан екі мәрте тең түсті

2021 жылдың 29 мамыр 2021 20:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он төртінші турындағы тағы екі ойын аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы кездесуде Ақтауда жергілікті «Каспий» елордалық «Астана» командасын қабылдады. Аталған ойынның бірінші кезеңінде елордалық клубтан Тигран Барсегян 8, Роман Муртазаев 30-минуттарда мергендік танытты. Ал екінші кезеңде «Каспий» сапынан Талғат Ксуяпов 52, Аслан Дарабаев 60-минуттарда гол соғып, таразы басын теңестірді. Кездесуде 2:2 есебі тіркелді. Осылайша елордалық клуб қатарынан екі ойында тең нәтижені қанағат тұтып отыр.

Тағы бір кездесуде Шымкентте «Ордабасы» мен Қарағандының «Шахтері» шеберлік байқасты. Бұл ойында қос команда бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Ойында 0:0 есебі тіркелді.

Еске салсақ, кеше, 28 мамырда аталған турда үш матч өткізілді. «Қызылжар» мен «Тараз» кездесуінде 2:2 есебі тіркелсе, «Қайрат» өз алаңында «Қайсарды» 1:0 есебімен жеңді. Ал өз алаңында Түркістанның «Тұраны» Талдықорғанның «Жетісуына» 0:2 есебімен жол берді.

Айта кетейік, бүгін тағы екі ойында «Атырау» мен «Ақжайық» (Орал), «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақтөбе» кездеседі.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай