Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Астана» он бірінші жеңісіне қол жеткізді

2021 жылдың 18 маусым 2021 23:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он алтыншы турының алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын Оралдың «Ақжайығы» сырт алаңда Петропавлдың «Қызылжарынан» 1:0 есебімен басым түскенін хабарлаған едік.

Одан кейінгі кездесуде Қарағандының «Шахтері» «Тараз» командасын қабылдады. Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды қарағандылық Алан Чочиев 21-минутта өз еншісіне жазды. Осылайша «Шахтер» жеті ойынға созылған сәтсіздіктер сериясын тоқтатып, қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Елордалық «Астана» сырт алаңда «Атырауды» 2:0 есебімен тізе бүктірді. Екі голды да Марин Томасов соқты. Нәтижесінде ол биылғы біріншілікте соққан голының санын 11-ге жеткізді.

Ал Шымкенттің «Ордабасы» клубы өз алаңында «Ақтөбеге» 0:1 есебімен жол берді. Кездесу тағдырын шешкен, 80-минутта соғылған голдың авторы - Юрий Логвиненко.

Аталған турдағы қалған үш ойын 19 маусымда өткізіледі. Бұл күні «Тобыл» (Қостанай) мен «Жетісу» (Талдықорған), «Каспий» (Ақтау) мен «Қайсар» (Қызылорда), «Тұран» (Түркістан) мен «Қайрат» (Алматы) кездеседі.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай