Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Каспий» «Шахтерді» ойсырата жеңді

2021 жылдың 19 мамыр 2021 20:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он екінші турындағы тағы екі кездесудің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтаудың «Каспий» командасы өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» 3:0 есебімен сүріндірді. Аталған кездесуде алаң иелері қатарынан Давид Караев 2, 30-минуттарда мергендік танытса, Уаджди Сали 9-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Ал «Тараз» өз алаңында көш соңында келе жатқан Талдықорғанның «Жетісуына» 2:3 есебімен жол берді. Ойын барысында тараздықтар қатарынан Педро Эуженио 2-минутта есеп ашса, 70-минутта Бауыржан Байтана гол соқты. Ал олардың қатарынан Берік Шайықов 47-минутта өз қақпасына соғылған автогол авторы атанса, Талдықорғанды Артем Дмитриев 32, Айбар Жақсылықов 72-минутта қанжығасын майлады.

Сондай-ақ, бүгін «Атырау» мен «Ордабасы», «Тобыл» (Қостанай) мен «Қызылжар» (Петропавл) командалары шеберлік байқасады.

Ал кеше, Оралдың «Ақжайығы» Түркістанда «Тұранды» 2:0, елордалық «Астана» Қызылордада «Қайсарды» 5:2 есебімен жеңді. Ал Алматыда «Қайрат» «Ақтөбені» 4:2 есебімен тізе бүктірді.



Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай