Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Қайсар» Атыраудан ұпай олжалады

2021 жылдың 28 маусым 2021 23:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он сегізінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турдағы соңғы кездесу Атырау қаласында өткізілді. Жергілікті «Атырау» өз алаңында «Қайсар» командасын қабылдады. Ойын барысында екі команданың да жеңіске жетуге мүмкіндігі зор болды. Десе де олардың көбісінде діттеген мақсатына жете алған жоқ.

Ойынның 4-минутында атыраулық командадан Петр Гжельчак мергендік танытса, 74-минутта қызылордалық Думан Нәрзілдаев таразы басын теңестірді. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Сондай-ақ, бүгін тағы бір кездесуде «Каспий» мен «Тұран» 0:0, «Тобыл» мен «Қайрат» 2:2 есебіне қанағат білдірсе, «Ақжайық» «Тараз» командасын 3:0 есебімен жеңді.

Ал кеше, 27 маусымда тағы үш ойын өткізілді. Өз алаңында «Қызылжар» «Астанадан» 3:2, «Шахтер» «Ақтөбеден» есебімен 1:0, «Ордабасы» «Жетісудан» 3:0 есебімен басым түсті.

Енді келесі тур ойындары 2, 3, 4 шілде күндері өткізіледі.


ФОТО/ «Қайсар» ФК жанкүйерлері парақшасынан


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай