Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Тобыл» мен «Каспий» қарсыластарын ірі есеппен жеңді

2021 жылдың 24 мамыр 2021 22:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 13-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турды түйіндеген екі ойынның бірінде Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Қарағандының «Шахтер» командасымен кездесті.

Аталған кездесуде қостанайлық клуб сапынан Асхат Тағыберген 30, 56-минуттарда қос голдың авторы атанды.

Ал 81-минутта оның командалас әріптесі Элгуджа Лобжанидзе қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Тобыл» қарсыласын 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Дәл осындай есеппен «Каспий» сырт алаңда Оралдың «Ақжайық» клубынан басым түсті.

Бұл кездесуде атыраулық команда сапынан Уаджди Сали 37, Давид Караев 68, Руслан Сақалбаев 90-минуттарда көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Еске салсақ, аталған турдағы үш ойын кеше, 23 мамырда өткізілді. Алғашқы ойында «Жетісу» «Қайсардан» 2:0 есебімен басым түссе, «Тұран» сырт алаңда «Ақтөбені» 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Ал «Астана» мен «Қайрат» арасындағы кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

Сондай- ақ, бүгін «Ордабасы» мен «Тараз» 1:1 есебімен тең түссе, Петропавлда жергілікті «Қызылжар» «Атырауға» 0:1 есебімен жол берді.

Аталған турдан кейін 33 ұпаймен «Астана» көш бастап келеді. Одан кейінгі орындардағы «Тобылдың» 28, «Қайраттың» 21 ұпайы бар.

Енді он төртінші тур ойындары 28 және 29 мамыр күндері өткізіледі.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай