Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Тобыл» «Таразбен» тең түсті

2021 жылдың 19 қыркүйек 2021 23:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 21-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турдың екінші ойын күнінде Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда «Таразбен» 0:0 есебімен тең түсті. Нәтижесінде турнир кестесінде бірінші орынға елордалық «Астана» жеке-дара шығып кетті.

Үздік үштікте келе жатқан Алматының «Қайраты» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжарынан» 1:0 есебімен басым түсті. Осылайша әлі де бұдан да жоғары орыннан үмітті екенін байқатып қойды.

Еске салсақ, 18 қыркүйекте «Астана» «Ақтөбені» 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Ал «Жетісу» мен «Ақжайық» 2:2, «Тұран» мен «Ордабасы» 1:1 есебімен тең түссе, «Каспий» «Атырауды» 2:1 есебімен жеңді.

Енді 22-тур ойындары 26 және 27 қыркүйек күндері өткізіледі.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай