Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футзал: «Қайрат» пен «Ақтөбе» өз алаңдарында матч өткізуден бас тартты

2020 жылдың 5 желтоқсан 2020 17:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футзалдан Чемпиондар лигасының 1/16 финалына қатысатын қазақстандық клубтар ойындарын сырт алаңда өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат KazFootball.kz порталына сілтеме жасап.

Чемпиондар лигасының 1/16 финалының қатысушыларына матчты өз алаңында қабылдағысы келмейтіні немесе ондай мүмкіндіктің жоқтығы туралы УЕФА-ға хабарлау ұсынылған. Нәтижесінде 32 қатысушының 5-еуі: «Қайрат», «Ақтөбе» (екеуі де Қазақстан), «Добовец» (Словения), «Приштина» (Косово) және «Ховокубо» (Нидерланды) командалары ойындарын сырт алаңда өткізетін болды.

Кездесулер көрерменсіз өтеді.

Еске сала кетсек, «Қайрат» пен «Ақтөбе» жеребе тастау кезінде 3-топтағы іріктеуден өткізілген командалардың қатарына жатқызылды. Қазақстандықтардың негізгі қарсыластары - «ВитЭн» (Беларусь), «Хоэнштайн-Эрнстталь» (Германия), «Шкупи» (Македония) және АЕК (Греция).

Чемпиондар лигасы 1/16 финалының ойындары 2021 жылдың 12-17 қаңтары аралығында өтеді және бір ғана ойыннан тұрады.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай