Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Венесуэламен кездеседі

2021 жылдың 18 қыркүйек 2021 16:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футзалдан әлем чемпионатының финалдық сатысы топтық кезеңіндегі үшінші ойынында Қазақстан құрамасы Венесуэламен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойын елорда уақытымен 23:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстандық футзалшылар А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Литва, Венесуэла, Коста-Рика.

Екеуінің арасындағы ойында аталған топта бірінші орын алған құрама анықталады.

Венесуэла бұдан бұрын

Алғашқы екі кездесуінде қазақстандық футзалшылар Коста-Рикадан 6:1, Литвадан 3:0 есебімен басым түсті.

Ал Венесуэла алдымен Литваны 2:1 есебімен жеңсе, Коста-Риканы 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Әлем чемпионатында барлығы 24 құрама бақ сынайды. Финал 3 қазанға белгіленген.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай