Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Футзалдан Еуропа чемпионаты: Бүгін Қазақстан Финляндиямен кездеседі

2022 жылдың 24 қаңтар 2022 22:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі екінші ойынын Финляндияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу елорда уақытымен 01.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ, аталған топта елорда уақытымен 22.30-да Италия және Словения құрамалары кездеседі.

Финляндия ортанқол құраманың қатарында саналады. Қазірге дейін әлем чемпионаты финалдық кезеңінде бірде-бір мәрте бақ сынап көрген емес. Ал Еуропа чемпионаты финалдық сатысына тұңғыш мәрте қатысып отыр.

Еске салсақ, қазақстандық құрама В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Италия, Словения және Финляндия.

Қазақстандық футзалшылар 20 қаңтарда Словениямен 4:4, Финляндия Италиямен 3:3 есебімен тең ойнады.

Қазақстандық футзалшылар бұдан кейін 28 қаңтарда Италиямен шеберлік байқасса, Финляндия Словениямен ойнайды.

Айта кетсек, турнир Нидерландының Амстердам және Гронинген қалаларында 19 қаңтар және 6 ақпан күндері өткізіледі.

Еуропа чемпионаты 1996 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінге дейін Испания - 7, Италия - 2, Ресей мен Португалия 1 мәрте чемпион атанды.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы бұған дейін Еуропа чемпионаты финалдық сатысында екі мәрте сынға түсті. 2016 жылы - 3, 2018 жылы 4-орын алды. Еуропа чемпионатында 19 қаңтарда А тобындағы Португалия Сербиядан 4:2, Нидерланды Украинадан 3:2 есебімен басым түсті.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай