Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ғаламдық ауқымда коронавирустың таралу қарқыны тек қана өсіп жатыр – ДДҰ

2020 жылдың 30 маусым 2020 13:10

ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат – Әлемнің бұған дейін белгісіз болған COVID-19 коронавирусымен күресіп келе жатқанына жарты жыл болды. Қолданылып жатқан шараларға қарамастан, пандемия тоқтамай, тез таралып, жүздеген мың адамды өлтіріп жатыр. Бұл туралы Женева қаласында өткен баспасөз конференциясында ДДҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесус ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтарына сілтеме жасап.

«Алты ай бұрын ешқайсымыз белгісіз вирустың бүкіл әлемді, өмірімізді шыр айналдыратынын елестетіп те көрмеген едік», - дейді д-р Тедрос.

Ол тура жарты жыл бұрын, яғни 2019 жылдың 31 желтоқсанында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайда пневмония оқиғалары туралы бірінші хабарлама алғанын еске салды. Осы уақыт ішінде COVID-19 атауын алған бұрын белгісіз вирусты 10 млн астам адам жұқтырып, 500 мыңнан астам адам қайтыс болған.

ДДҰ басшысының айтуынша, пандемия адамдардың ең жақсы және ең нашар қасиеттерін анықтаған.

«Бір жағынан, бүкіл әлем бойынша адамдардың табандылығын, жасампаздығын, мейірімі мен тілектестігін көріп отырмыз. Алайда, сонымен қатар стигматизация, теріс хабар тарату және пандемияны саясиландыруға куә болып жатырмыз», - деп атап өтті д-р Тедрос.

Ол ДДСҰ-ның медициналық қызметкерлерді оқыту, миллиондаған қорғаныс және диагностикалық құралдарды мұқтаж елдерге жіберуден бастап, COVID-19 вирусына қарсы дәрі-дәрмектер мен вакциналарды жасау және сынау, пандемияға қарсы күш жұмылдыру сияқты атқарған үлкен жұмысы туралы еске салды.

Бұдан бөлек, ДДҰ Еуропалық комиссия және өзге серіктестерімен бірге вакцина пайда болған соң, барлық адамдарды онымен қамтамасыз ету мақсатын ұстанған жобаны іске қсоты. Алайда, д-р Тедростың атап өтуінше, вакцинаның COVID-19 вирусын ұзақмерзімді бақылау құралы ретінде маңыздылығына қарамастан, ДДСҰ-ның бес кеңесін орындай отырып, адамдарды қазірден бастап қорғап қалу керек.

«Әр адам дәрменсіз емес екенін сезінуі тиіс: барлығымыз өзімізді де, айналамыздағыларды да қорғап қалатын шаралар қабылдай аламыз. Сіздің денсаулығыңыз – өз қолыңызда!», - деп атап өтті д-р Тедрос.

Ол қашықтық сақтап, қолды жуып отыру, маска тағу, жөтелген және түшкірген кезде ауызды жауып отыру, өзін нашар сезінген кезде үйден шықпау және өзгелермен сенімді ақпарат көздерінің ақпаратымен бөлісу керек екенін түсіндірді.

«Сіз қауіпті топ санатына жатпауыңыз мүмкін, алайда сіздің әрекетіңіз біреудің өміріне ықпал ете алады», - деп атап өтті ДДҰ басшысы.

Ұйымның бас директоры жұқтыру тізбегін барлық елдер, тіпті COVID-19 расталған оқиғалары болмаған елдер де үзе алатынын атап өтті. Ол үшін барлық медициналық қызметкерлер індетке шалдыққан адамдармен жұмыс істеуге үйретіліп, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі қажет.

Ауру жұқтыру оқиғаларын қадағалау жүйесін жетілдіру өте маңызды, ол ұшін күрделі технологиялар қажет емес.

«Науқас адамдармен байланыста болғандарды анықтап, оларды карантинге жатқызу тек медициналық қызметкерлердің емес, түрлі мамандардың қолынан да келеді», деп атап өтті Гебрейесус.


Басты сөздер: Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай