Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ғалымдар Жер бетінде  жаңа рекордтық аптап ыстық болатындығын ескертті

2021 жылдың 27 шілде 2021 03:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жер бетінде температураның жоғарылау үрдісі жылдамдауда, бұл таяу онжылдықтарда ыстықтың үдей түсуіне соқтырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Axios жаңалықтар сайтына сілтеме жасап.

Цюрихтің Жоғары техникалық мектебінің ғалымдары ауа-райының әдеттен тыс ыстық кезеңдері парниктік газдардың бөлінуімен байланысты болуы мүмкін екенін анықтады. Газ шығарындылары неғұрлым жоғарылаған сайын аптап ыстық ұлғая бермек. Зерттеушілер сонымен бірге Жердің он жыл ішінде 0,18 градусқа дейін жылынатынын көрсетті.

Бұл тұжырымдар парниктік газдар шығарындыларын азайту керектігін көрсетеді.

Сонымен қатар, ғалымдар парниктік газдар Жердің климатын тез өзгертіп отырғандықтан, қазіргі қолға алынып жатқан шаралар жеткіліксіз деген пікір білдіріп отыр.

«Алдағы онжылдықтарда қазіргі температуралық көрсеткіштерден әлдеқайда асып түсетін рекордтық аптап ыстыққа дайындалуымыз керек», - дейді зерттеуге қатысушы Эрик Фишер.


Басты сөздер: Әлем, Ауа райы, Экология,
Жоғары қарай