Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Газ баллонын автогаз құятын бекетте толтыру заңсыз – министрлік

2021 жылдың 29 қараша 2021 16:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде тұрмыстық газ баллонын автогаз құю бекетінде толтыру заңсыз әрекет саналады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментінің директоры Құдайберген Арымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде тұрмыстық баллонын автогаз құю бекетінде толтыру өзекті мәселе болып отыр. Айта кету керек, жанармай құю бекетінің операторы маман емес. Ол газ баллонының техникалық жарамдылығын тексермейді. Сондай-ақ, газ баллонды толтыру нормасын сақтай бермейді. Мұның бәрі, сайып келгенде, тұрмыстық газ баллонының қауіпсіздігі мәселесін елемеуді білдіреді», - деді Құдайберген Арымбек ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Министрлік өкілінің айтуынша, газ баллонын автогаз құю бекетінде толтыру - заңсыз әрекет және ол үшін жауапкершілік қарастырылған.

«ҚР Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексінде автогаз жанармай құю бекетінде газ баллонды толтырғаны үшін айыппұл бар. Алайда, бүгінде аталған қызмет түріне қатысты уәкілетті органға шағым мен өтініш түскен жоқ. Жалпы жанармай құю бекеттері аталған әрекетке пайда табу мақсатымен барады. Осыған байланысты, егер сіз автогаз бекетінде тұрмыстық газ баллонын толтыру оқиғасына куә болсаңыз, онда заңбұзушылық туралы біздің министрлікке хабарласаңыз болады», - дейді ол.

Бұған дейін департамент басшысы бүгінде елімізде тұрмыстық газ баллонын қолданудың жаңа механизмін әзірлеу қолға алынғанын хабарлаған еді.


Жоғары қарай