Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 18 желтоқсанға белгіленді

2020 жылдың 25 қараша 2020 09:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) 18 желтоқсанда АҚШ-та өтетін поляк боксшысы Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz ресурсына сілтеме жасап.

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы мен DAZN стриминг сервисі аталған оқиғаны ресми түрде жариялады.

Айқас Американың Флорида штатындағы Hard Rock Hollywood казино-қонақүйінде өтеді.

— Бұл жай ғана жекпе-жек емес. Бұл айқастың үлкен мәні бар. Мен әрқашан барлық қарсыласыма үлкен құрметпен қараймын. Өзім шынымен боксты сағындым, осы жылы жекпе-жек өткізгім келді. Менің мақсатым – 21-ші рет әлем чемпионы атағын қорғау, - деді Геннадий.


Басты сөздер: Бокс, Спорт, Геннадий Головкин,
Жоғары қарай