Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Германия экс-президентінің ұлын дәріс кезінде өлтіріп кетті

2019 жылдың 20 қараша 2019 16:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1984 жылдан 1994 жылға дейін Германияның президенті болған Ричард фон Вайцсакердің ұлы 59 жастағы Фриц фон Вайцсакерге сейсенбі күні Берлин ауруханасында дәріс оқып жатқан кезде пышақ жарақатын алып, кешқұрым көз жұмды. Бұл туралы RBB ақпараттық порталы жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, қанды оқиға Берлиннің Шарлоттенбург ауданында орналасқан марқұмның жұмыс істеген Schlosspark-Klinik емханасында болған. Белгісіз ер адам Фриц фон Вайцзеккер дәріс оқып жатқан уақытта оған жақындап келіп, пышақ сұққан.

Полицияның мәліметінше, дәріске қатысушылардың біреуі көмектеспек болған кезінде жарақат алды. Көп ұзамай оқиға орнына қауіпсіздік қызметкерлері келіп, тыңдаушылардың көмегімен қылмыскерді ұстады.

Оның әрекетінің себептері туралы дерек жоқ, тергеу амалдары жүргізілуде.

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай