Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Германия Қазақстан экономикасына 5,5 млрд доллар инвестиция салды

2022 жылдың 12 мамыр 2022 15:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Германия 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына 5,5 млрд доллар тікелей инвестиция салды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемиядан туындаған шектеулер жағдайында біз екіжақты экономикалық ынтымақтастықты дамыту тенденциясын сақтап қана қоймай, сонымен бірге онлайн форматты барынша пайдалана отырып, нақты жобалар мен ұсыныстарды ілгерілете алдық. Бүгінде Германия Қазақстанның маңызды серіктесі болып отыр. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге, инвестицияларды ынталандыруға және өзара қорғауға бағытталған бірқатар үкіметаралық келісім жұмыс істейді», - деді Роман Скляр елордада өтіп жатқан Қазақстан-герман бизнес форумында.

Оның атап өтуінше, екі елдің ынтымақтастығы қазіргі уақытта да сәтті дамып келе жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 және 2020 жылдардағы Германияға сапарынан кейін өзара қарым-қатынас қарқын ала түсті.

«Бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында туындайтын сұрақтар мен мәселелерді шешуге бағытталған үкіметтік жұмыс тобы құрылды. Сонымен қатар ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін талқылау үшін германиялық компаниялармен ай сайын, оның ішінде онлайн форматта да кездесулер өткізіледі. Инвестиция тұрғысынан алып қарасақ, 2005 жылдан бері біздің экономикамызға Германиядан шамамен 5,5 млрд доллар тікелей инвестиция құйылды. Оның басым бөлігі өңдеу өнеркәсібіне салынды», - деді ол.


Жоғары қарай