Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Германия үкіметі әлеуметтік желілерге бақылауды күшейтпек

2020 жылдың 19 ақпан 2020 23:40

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Германия үкіметі экстремистік үндеулер мен алауыздықты қоздыруға бағытталған интернеттегі жазбалар үшін жауапкершілік пен бақылауды күшейтетін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Заңнамалық құжаттың қабылдануымен алауыздықтан болатын қылмыстарға бұрынғыдан да үлкен күшпен қарсы тұратын боламыз. Алдағы уақытта интернетте қоқан-лоқы көрсеткен немесе алауыздықты таратқандар анағұрлым қатаң және тиімді жазаланатын болады», - делінген Әділет министрі Кристина Ламбрехтің ведомство сайтында жарияланған мәліметінде.

Заң жобасындағы басты шаралардың бірі заңға қайшы контентті дереу алып тастау үшін Facebook пен Twitter әлеуметтік желілеріне қасымды күшейту болып табылады. Сондай-ақ әлеуметтік желі әкімшілері криминалдық посттарды, олардың жаһандық желіге соңғы рет қосылған нүктесін көрсете отырып, техникалық мәліметтерді де қоса ұсынуға міндеттеледі.

Заң жобасы күшіне енбес бұрын Германияның қос палатасында мақұлдаудан өтуі тиіс.


Автор Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Еуропа, Интернет, Әлем,
Жоғары қарай