Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Германияда коронавирус жұқтырған адамдар саны өсті

2021 жылдың 4 желтоқсан 2021 01:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Германия Федеративтік Республикасы апталық мониторинг нәтижесіне сәйкес SARS-CоV-2 жұқтыру көрсеткіштерінің өскендігін мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта Германияның 6 миллионнан астам тұрғыны COVID-19 вирусын жұқтырғандығы анықталды. Соңғы тәулікте елде коронавирус инфекциясына шалдығудың 74 352 жаңа жағдайы тіркелді. COVID-19 салдарынан қайтыс болғандардың жалпы саны 102 568 адамға жетті. Денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан инфекциямен күресудің ережелерін қатаң сақтауға және жыл соңына дейін 30 миллион адамға вакцина жасауға аймақ басшыларына нұсқау берді.

Вакцина қабылдауға жататын Грецияның зейнеткер-антиваксерлері енді айппұл төлейтін болды. 60 жастан асқан азаматтар үшін міндетті иммунизация енгізілді, екпе алмаған жағдайда 100 евро көлемінде айыппұл төлеуі тиіс болады. Екпе алудан бас тартқан егде жастағы азаматтар арасында күнделікті өлім-жітім жағдайлары орын алуда, басым бөлігі ӨЖЖ аппаратына қосылған. Бүгінгі күні Греция халқының 63% вакцинацияланған. Әйтсе де 580 000 зейнеткер вирусқа қарсы екпе салдырудан бас тартып отыр.


Жоғары қарай