Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Германиядан Қазақстанға экстрадицияланған қылмыскер 11 жылға сотталды

2019 жылдың 25 желтоқсан 2019 02:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Германияның құқық қорғау органдары елімізге есірткі жеткізген қылмыскерді ұстады және есірткі арнасының жолын кесті. Бас көлік прокуроры Ернат Сыбанқұлов Facebook-тегі парақшасында осылай мәлім етті, , деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, 2017 жылы Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері Шымкент қаласының әуежайында Қазақстанға Германиядан «экстази» психотроптық затын алып өту фактісін анықтаған. Жүк иесі Грузия азаматы Леладзе оның багажы ұсталғанын және онда есірткінің бар екенін біле тұра, оған келмей қашып кетіп, Германия аумағында жасырынған. «Алайда, ол сот төрелігінен асып кете алмады. Қазақстанның құқық қорғау органдары оның еліміздің аумағында құқыққа қарсы әрекет жасағанын дәлелдеді. Қылмыскерді ұстау және оны кейіннен Қазақстанға экстрадициялау туралы Германия тарапына тиісті сұрау жіберілді», делінген жазбада. Бас прокуратураның белсенді қатысуымен шетелдік әріптестермен өзара іс-қимылдар нәтижесінде қылмыскер ұсталып Қазақстанға экстрадицияланды. Бас көлік прокуратурасы Леладзеге қатысты қылмыстық істі сотқа жіберілді. «Тағылған айыпты мойындамауына қарамастан, оның контрабанда жасағаны және психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны расталып, сотта өзінің дәлелін тапты. Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының 2019 жылғы 22 қазандағы үкімімен Леладзе 11 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды», делінген жазбада. Айта кетерлігі, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысымен үкім өзгеріссіз қалды, сотталушының шағымы қанағаттандырылмаған.

Жоғары қарай