Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Героинді іш киіміне жасырып, сатып келген қостанайлық ұсталды

2021 жылдың 22 ақпан 2021 12:57

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Жітіқара ауданының полицейлері есірткі саудасымен айналысып келген күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция бөліміне түскен жедел ақпараттан кейін қызметкерлер іздестіру іс-шараларын өткізді. Аталған факт расталды. Жітіқара тұрғынының пәтерінде есірткі заттары табылды.

«37 жастағы ер адам іш киіміне героиннің 17 түйіншегін фольгамен орап жасырған. Аудандық полиция бөлімінің бастығы Болат Имановтың айтуынша олар есірткіні сатып, 34 жастағы жүкті әйелі екеуі пайдаланған.

Аудандық сот күдіктілерге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын қабылдады»,-дейді полицияның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Қазір аса ауыр қылмыс жасаған ерлі-зайыпты ҚР ҚК 297-бабы, 3-бөлімінің 1-тармағына сәйкес сот алдында жауап береді. Олардың кінәсі дәлелденсе он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.


Жоғары қарай