Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Головкин әлем чемпионымен жекпе-жек туралы келіссөз жүргізуде

2021 жылдың 19 сәуір 2021 08:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жыл соңында жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жекке шығуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы болып бұл жаңалықты DAZN тілшісі Крис Мэнникс хабарлаған: «Дереккөздер мәліметінде, Головкин мен Муратаның өкілдері Жапонияда бірлескен жекпе-жек өткізу туралы талқылау жүргізген. Жекпе-жек желтоқсанның аяғына, Жаңа жыл және Жапониядағы бокс күні қарсаңына жоспарлануда».

Кейін бұл ақпаратты Головкиннің промоутері Эдди Хирн растады: «Геннадий Муратамен жекпе-жекті 31 желтоқсанға жоспарлап отыр». Сонымен қоса Хирн Головкиннің бұған дейін америкалық Деметриус Андрадемен (30-0, 18 КО) тағы бір бірлескен жекпе-жек өткізетініне сенім білдірді.


Басты сөздер: Геннадий Головкин, Спорт,
Жоғары қарай