Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Головкин ең көп соққы жасайтын боксшылар рейтингіне енді

2021 жылдың 7 желтоқсан 2021 15:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36КО) ең көп соққы жасайтын әлем боксшылары қатарына кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап.

Бокста соққыларды бағалаудың Compubox компьютерленген жүйесінің деректеріне сай, Головкин орташа алғанда, бір раундта 64,2 соққы жасайды. Бұл – орта салмақ санатындағы екінші көрсеткіш.

Бір раундта ең көп соққы жасайтын боксшы – рингте жеңіліп көрмеген мексикалық Хайме Мунгия (38-0, 30КО). Ол раундына 65,9 рет ұрады.

Бір раундта ең көп соққы жасайтын орта салмақтағы үздік алтылық төмендегідей:

Хайме Мунгия — 65,9;

Геннадий Головкин — 64,2;

Сергей Деревянченко — 63;

Деметриус Андраде — 53,4;

Риота Мурата — 50,3;

Джермалл Чарло — 47,1.


Жоғары қарай