Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Гонконгта коронавирус қайта өршіп жатыр

2020 жылдың 13 шілде 2020 15:46

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні Гонконгта коронавирус жұқтырған 50 адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі SCMP-ге сілтеме жасап.

SCMP басылымының жазуынша, Гонконг әкімшілігі коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күрт артып кетуіне байланысты әлеуметтік қашықтық шарасын күшейту мәселесін қарастырып жатыр.

Жалпы, ҚХР арнайы әкімшілік ауданында 5-11 маусым аралығында 211 COVID-19 жұқтыру оқиғасы тіркеліп, олардың 143-і өліммен аяқталған.

Осыған байланысты дүйсенбіден бастап Гонконгта балабақша мен мектептер жұмысын тоқтатып, жазғы демалысқа ерте кетеді.

Гонконгтың денсаулық сақтау департаменті коронавирустың таралуын болдырмас үшін қоғамды тиісті әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады. Сонымен қатар, мүмкіндігінше көшеге шықпауды, қоғамдық іс-шараларға бармауды және қатты қажет болмаған жағдайда ҚХР әкімшілік ауданының шекарасынан аспауды сұрайды.

Кейінгі ресми деректерге сәйкес, Гонконгта 1469 коронавирус індетін жұқтыру оқиғасы тіркелді.


Автор: Руслан Сүлейменов


Басты сөздер: Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай