Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

Google коронавируспен күреске өз үлесін қоспақ - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

2020 жылдың 5 сәуір 2020 20:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Велосипед және мотоциклмен жүруге тыйым салынды - «ӨзА» ақпараттық агентті

Өзбекстан Республикасының Ташкент және Нүкіс қалалары мен басқада облыс орталықтарында карантиндік жағдай бақылауының күшейтілуіне орай, велосипед, мотоцикл санатына жататын траспорт көліктерінің қозғалысы мәжбүрлі түрде 6 сәуірден бастап шектелмек, деп хабарлайды «ӨзА».

Өзбекстандық БАҚ-тың жазған дерегінше, бұдан бөлек, сауда дүкендері мен көшедегі қозғалыс кезінде адамдар арадағы 2 метрлік қашықтықты сақтауға міндеттеледі. Ірі ауыл-шаруашылық базарларына дене қызуы 37 градустан жоғары болған азаматтардың кіруіне тыйым салынған. Тәртіп бұзғандар заң жүзінде қатаң жазаланбақ. «Осы түрдегі қатаң шектеулер тек қана аса қажеттіліктер кезінде азық-түлік, тамақ, дәрі-дәрмек, медициналық заттар алуға шыққандар мен жұмысқа қатынаушыларға ғана рұқсат етілген» деп жазды «ӨзА» ақпараттық агентті.

«Жамбыл - жыр алыбы» деген тақырыпта оқушылар айтысы өтті - «Тамды шаруагері» газеті

Өзбекстанда шығатын «Тамды шаруагері» газетінде «Айтыс - құдіретті өнер» деген мазмұнда оқушыларды ұлттық өнерге баулу мақсатындағы өнер бәйгесі өткені хабарланды.

Жазба авторы айтыс өнерінің шығу тарихы туралы айта келіп, бұл өнердің иелерін өз қадірінше қолдап отыру керектігін сөз еткен.

«Айтыс өнерін кең жайдыру арқылы оқушыларды ұлттық құндылықтарымызға құрметпен қарауға баули аламыз. Мен сабақ өту іс-тәжірибемде мұны жиі қолданамын. Осындай айтысты жуықта мектебіміздегі жоғары сынып оқушылары арасында сыныптан тыс жұмыс ретінде ұйымдастырдым. Керемет нәтиже берді. Оқушылар өздерін бейне шын айтыскерлердей сезініп, бір-бірімен сөз таластырып, құлшына айтысқанын қызыға тамашалаған көпшілік көрермен айтыскер оқушылар өнеріне қызу қошемет көрсетті...», деп жазады «Тамды шаруагері» газетінде.

Тамды ауданындағы мектеп оқушылары арасында өткен бұл айтысты жыр алыбы Жамбыл ақынның 174 жасқа толу күніне орай ұйымдастырылып, мәдени шараның атауы «Жамбыл - жыр алыбы» деп аталған екен.

«Айтысқа Ақүлпек Ғалымжанқызы Таңжарықова, Алфия Сакенқызы Алдиярова, Мейіржан Байқасымұлы Абдирасилов, Акмарал Бердиғалиұлы Егембергенова қатынасып, қызықты да әсерлі өтті», деп түйіндейді мақала авторы.

Уханьдағы арнайы госпитальды салған жұмысшылар марапатталды - Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR)

Уханьға Хошыньшан және Лэйшыншан деп аталатын пневмониялық науқастарды емдейтін екі аурухананы салуға бүкіл елден 30 000-нан астам жұмысшы келген еді, деп хабарлайды Қытайдың «Орталық халық радиосы».

Төтенше жағдайға байланысты госпитальды санаулы күнде салынып біткеннен кейін бұл жұмысшыларды қалай орналастыру керек деген жаңа сұрақ туындаған.

Оның үстіне бұл жұмысшылардың көбі елдің басқа өңірлерінен келгендіктен, оларды үйіне жіберіп, алыс қашықтықтан карантиндік бақылауға ұстау қауіпті еді. Сол себепті жұмысшыларды Уханьдағы карантиндік оқшаулау орындарына жіберген. Бұл туралы Қытай құрылыс үшінші бюросының бас менеджері Чэн Вэйгуо айтып берді, деп мәлімдейді аталған ақпарат көзі.

Кazakcnr.com ақпарат көзінің дерегіне сүйенсек, карантиндік оқшаулау орнында 20 000 құрылысшыны орналастыруға тура келген.

«Біз олардың мигрант-жұмысшы ретіндегі мәртебесін, оның карантиндік кезеңіндегі өмір сүру бағасын ескеріп, арнайы қонақүйлерде тұруға субсидия ретінде әрбірне күніне 300 юань бердік. Жалпы жұмысшыларды 15 күндік бақылауға ұстадық. Осының бәрін қосқанда әр жұмысшыға біз жалпы 31 000 юань карантиндік төлем жасадық», - дейді бас менеджер. Құрылыстың бас менеджерінің сөзіне сенсек, Хошыньшан және Лэйшыншанды тұрғызуда кейбір жұмысшылар 24 сағат, тіпті 36 сағат жұмыс істеген кездері болған. Өйткені ол жерде жұмысшылардың міндеті тек ақша табу үшін ғана емес, ел басына төнген аса қауіпті кезеңді жеңу болған. Аталған сұхбатта екі госпитальды салуда жұмыс істеген жұмысшылардың да пікірлері келтірілген. Олардың ойынша, аса қиын кезеңде бұл екі аурухананы салу абыройлы шаруа болған. «Ол кезде мемлекет бізге мұқтаж болса біз баруымыз керек деп ойладық. Ақша үшін болса бармаушы едік. Себебі ол кезде Хунаньда жұқпалы індеттің таралуы қатты өршіп тұрған. Егер жұғымдалса аман қалуымыз екіталай деп есептелетін еді. Жұмыс біткеннен кейін құрылысшыларға «Сіздер батырсыздар» деген алғыс хат жазып таратты. Бұл біз үшін өмірдегі ең үлкен сыйлық болды», дейді жұмысшылардың бірі.

Иранда коронавирусқа шалдыққандардан 20 мыңға жуық адам жазылып шықты - «Фарс» ақпарат агенттігі

Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім министрлігі Иранда коронавирусқа шалдыққан 19736 адам емделіп, ауруханалардан шығарылған, - деп хабарлайды «Рarstoday» ақпарат агенттігі.

«Иранда 55743 адам коронавирусты жұқтырған. Өткен бір тәулікте аталған індетке шалдыққан 158 адамның қаза болуымен, Иранда осы науқастан өлген адамдар саны 3452-ге жетті»,- дейді Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс және ақпарат орталығының жетекшісі Киануш Жаһанпур сенбі күні тілшілерге берген сұхбатында», - деп жазады Рarstoday.

Google-де коронавируспен күреске өз үлесін қоспақ - TRT

Компания 131 ел мен аймақта адамдардың қозғалысына байланысты деректерді жариялап тұратынын білдірді, - деп хабарлайды Түркия Радио Телевизия порталы.

Алталған дерек көзінің мәліметіне сүйенсек, Google коронавирустың жаңа түрімен күресте кімдердің «Үйде отыр» деген ескертулерді назарға алмағанын көрсету үшін орналасқан жерді жариялайтынын хабарлаған. Компания хабарламалар арқылы 131 ел мен аймақта адамдардың қозғалысына байланысты деректерді жариялап тұратынын айтқан.

«Эпидемиямен күреске қолдау беру үшін адамдардың қайда жүргенін көрсететін бірінші дерек бүгін жарияланды(бұл ақпарат 4 сәуір күні жарық көрген болатын). Бұдан әрі компания адамдардың қозғалыстарын бақылап, үкімет және денсаулық сақтау органдарына мәлімет береді. Деректерде адамдардың маркет, дәріхана, саябақ немесе жұмыс орны секілді жерлерге барғаны, осы жерлерде қаншалықты көп адам болғаны туралы да мәлімет болады», деп түйіндейді түркиялық БАҚ.

«Көпшілік індет құрбандарын қимастықпен соңғы сапарға аттандырды» - Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNR)

Қытайда 4 сәуір жаңа коронавирус инфекциясы пандемиясынан көз жұмғандарды жалпыұлттық аза тұту күні болып жариялаған болатын.

ҚХР-ның төрағасы Си Цзиньпин және партия мен мемлекет басшылары бүкіл Қытай халқы коронавирус індетінен қайтыс болған науқастарға, сондай-ақ пациенттерін емдеу барысында вирус жұқтырып қаза тапқан қаһарман дәрігерлерге аза білдірді, деп хабарлайды Қытайдың «Орталық халық радиосы».

«4 сәуір күні сағат 10:00-де, Си Цзиньпин бастаған мемлекет басшылары коронавирус індетінде қайтыс болған отандастарға 3 минут үнсіз тұрып аза білдірді.

Бейжіңдегі Тиян-анмын және Мемлекеттік халық құрылтайы тұрақты көмитеті, Мемлекеттік кеңес, Мемлекеттік Саяси кеңес, Орталық әскери істер көмитеті, Ең жоғары халық сот мекемесі, Ең жоғары халық прокуратурасы және бүкіл елімізде және еліміздің шетелдердегі елшіліктерінде ту жартылай түсіріліп аза білдірілді», деп жазады CNR.

Жазба соңында «Еліміздің жер-жерінде, мемлекеттік ең жоғары деңгейдегі аза білдіру шаралары өткізіліп, қара жамылған отбасыларға көңіл айтты және ідет құрбандарын көпшілік қимастықпен соңғы сапарға аттандырды», деп түйіндейді қытайлық БАҚ.


Автор Бейсен Сұлтан
Басты сөздер: БАҚ, Қандастар,
Жоғары қарай