Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Grammy мүсіншесі Иманбек Зейкеновтің қолына 7 айдан соң тиді

2021 жылдың 28 қазан 2021 10:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов Grammy сыйлығының мүсіншесін алды, оны Лос-Анджелестен жеткізіп берді. Ол марапатын ресми жарияланғаннан кейін 7 ай өткен соң қолына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат музыканттың Instagram Stories-іне сілтеме жасап.

Диджей және саунд-продюсер мүсіншені алып жатқан видеосын Instagram Stories-ге салған. Сондай-ақ, Иманбек мүсіншені қолына ұстап тұрған суретін жүктеген.




Еске салайық, қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) 15 наурызда музыка саласында ең беделді Grammy сыйлығын жеңіп алған болатын.
Рэпер Saint Jhn-нің Roses трегіне жасаған ремиксі биыл әлемнің түпкір-түпкірінде қойылды. Сондай-ақ, ол АҚШ-тағы әлемдік деңгейдегі Billboard Music Awards сыйлығының иегері атанды. Одан бөлек, Ресейдің GQ журалының жыл сайынғы сыйлығында «Жыл жаңалығы» аталымында жеңіске жетті.

Басты сөздер: Мәдениет,
Жоғары қарай