Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Grand Slam: Ғұсман Қырғызбаев әлемдік жарыста 7-ші болды

2020 жылдың 23 қазан 2020 21:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Будапештте дзюдодан әлемдік Grand Slam кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ғұсман Қырғызбаев жарысты жетінші орынмен аяқтады. Әлемдік доданың бірінші күнінде сынға түскен ол жұбаныш белдесуінде жеңіліп қалды.

Қазақстандық дзюдошы аталған додаға екінші айналымнан қосылды. Алғашқы қарсыласы әжірбайжандық Давуд Мамадсойдан басым түсіп, ширек финалда венгриялық Дэвид Нажимен белдесті. Жергілікті балуан отандасымызды соңғы секундта вазари ұпайымен жеңіп кетті. Нәтижесінде, Ғұсман Қырғызбаев жұбаныш белдесуіне күресуге мүмкіндік алды.

Ал жұбаныш белдесуінде ол Ммоңғолиялық Унуболд Лажважацпен кездесіп, ескерту қағазымен ұтылып қалды. Айта кетерлігі, әлемдік Grand Slam кезеңі 25 қазанға дейін жалғасады.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай