Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан дзюдошыларының құрамы анықталды

2022 жылдың 27 мамыр 2022 21:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дзюдодан Қазақстан құрамасы Грузияда өтетін «Grand Slam» турниріне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Турнир 3-5 маусым аралығында өтеді. Жарысқа Қазақстан құрамасынан татамиге 25 спортшы шығады. Олар:

Ерлер: Дәурен Сүйеукенов (60 кг), Қанат Сейілхан (60 кг), Дастан Шаяхметов (66 кг), Алмас Ғалымов (66 кг), Аңсарбек Ғайнуллин (73 кг), Ерлан Серікжанов (73 кг), Барақ Арқабай (81 кг) , Айбол Нысанәлі (81 кг), Ерасыл Жантаев (90 кг), Әділет Миссин (90 кг), Айбек Серікбаев (-100 кг), Серік Салменов (-100 кг), Еламан Ерғалиев (+100 кг), Ерасыл Қажыбаев (+ 100 кг).

Әйелдер: Абиба Абужақынова (-48 кг), Гаухар Ермағамбетова (52 кг), Толғанай Абеуова (52 кг), Севара Нышанбаева (57 кг), Мөлдір Нарынова (63 кг), Самалай Ерғалиева (63 кг), Анастасия Маякова (70 кг), Зере Бектасқызы (70 кг), Аруна Жангелді (-78 кг), Камила Берліқаш (+78 кг), Назгүл Маратова (+78 кг).


Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай