Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали Азия чемпионы атанды

2021 жылдың 14 сәуір 2021 21:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық балуандар Алматыда күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақта Айдос Сұлтанғали чемпиондық атаққа қол жеткізді. Ол финалда ирандық Мехди Нижадты 8:4 есебімен тізе бүктірді. Қазақстандық балуан бұған дейін ширек және жартылай финал сатысында Оңтүстік Корея және Ирак балуандарын қапы қалдырып кетті.




Қызылорда облысының өкілі 2015 жылы жасөспірімдер, 2016 жылы жастар арасында Азия чемпионы болды. Ал 2017 жылы жабық кешендегі Азия ойындарының және Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2018 жылы ересектер арасында Əлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ, 2019 жылы Бүкіләлемдік әскерилер ойынының қола жүлдесін иеленді.

Азия біріншілігінде кеше 63 келіге дейінгі салмақта Сұлтан Әсетұлы жеңімпаз тұғырынан көрінді.

Ал 57 келіде Алмат Кебісбаев пен 130 келіде Әлімхан Сыздықов турнирдің күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, 13 сәуірде Алматыда күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталған еді.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай