Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Грек-рим күресінен Азия біріншілігінде тағы 3 қазақстандық финалға шықты

2022 жылдың 20 сәуір 2022 13:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде грек-рим күресінен үш қазақстандық балуан финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін құрлықтық доданың екінші сайыс күні басталды. Жарыс кестесіне сәйкес 60, 67, 72, 82 және 97 келідегі спортшылар бозкілемге шықты. Олардың арасынан қарсыластарын қапы қалдырған Мейіржан Шермахамбет (67 келі), Абылайхан Әмзеев (72 келі) және Диас Қален (82 келі) финалға жолдама алды.

Ал жұбаныш белдесуінде Ернұр Фидахметов (60 келі) пен Санжар Серікхан (97 келі) қола жүлдеге таласады.

Финалдық сайыстар елорда уақытымен 16:00-де басталады.

Қазақстандық балуандардың финалдағы қарсыластары төмендегіше:

Мейіржан Шермаханбет - Хансу Рю (Оңтүстік Корея)

Абылайхан Әмзеев - Мохаммад Раза Моктари (Иран)

Диас Кален - Расул Садех (Иран)

Сондай-ақ жұбаныш белдесуінде қазақстандық Ернұр Фидахметов моңғолиялық Балжинням Цэвэнравданмен, Санжар Серікхан жапониялық Такахиро Сурудамен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, 19 сәуірде қазақстандық балуандар бір алтын, үш күміс, бір қола алды.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Моңғолия, Спорт,
Жоғары қарай