Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Грэмми-2021»: Кім көп номинацияға ұсынылды

2020 жылдың 26 қараша 2020 08:36

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – АҚШ өнер және дыбыс жазу техникасы ұлттық академиясы «Грэмми-2021» номинанттарының тізімін жариялады. Америкалық әнші Бейонсе өте көп аталымға үміткер ретінде тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Бейонсе 9 санат бойынша музыкалық «Оскар» жүлдесі үшін күреседі, оның ішінде ең беделдісі – «Жыл жазбасы». Оған «Қара нәсілділердің өмірінің мәні бар» деген ұранмен қарсылық шараларының әнұранына айналған «Black Parade» әні ұсынылған.

Одан кейінгі орында британдық Дуа Липа тұр. 25 жастағы әнші және әндердің авторы екі жыл бұрын үздік жаңа орындаушы ретінде «Грэмми» сыйлығын алған, ал қазір алты марапаттан үмітті.

Оның «Future Nostalgia» күйтабағы «Жыл альбомы» санатында бақ сынап жатыр. Мұнда Дуа Липаның бәсекелесінің бірі кантри-поп-әнші Тейлор Свифт. Оның оқшаулану кезінде жазылған «Folklore» альбомы стриминг сервистер арасында тыңдалым саны бойынша көптеген рекорд орнатып, тіпті Гиннес рекордтар кітабына енді.

Америкалық рэппер Родди Рич тәрізді Свифт те алты аталымға үміткер. Оның «The Box» композициясы «Жыл әні» атануы мүмкін. Ал DaBaby-мен жазылған «Rockstar» синглы «Жыл жазбасы санатында номинанттар тізіміне енді.

Байқаудың 63-ші марапаттау рәсімі 31 қаңтарда, жексенбі күні өтеді.

Еске сала кетсек, Иманбек Зейкеновтің (Imanbek) SAINt JHN-тың Roses әніне жазған ремиксі «Грэмми» сыйлығына үміткер қатарында.


Басты сөздер: Мәдениет, Әлем,
Жоғары қарай