Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91
ҰБТ-2020: Талаптар мен мүмкіндіктер НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл коронавирус инфекциясының салдары әлем елдері экономикасына тұсау салғаны белгілі. Әсіресе, қызмет көрсету бағыты айтарлықтай зардап шекті. Сонымен қатар, пандемияның теріс әсері білім беру саласын да айналып өтпеді, оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға мәжбүр болды. Оқу жылының төртінші тоқсаны аяқталуға жақындаған сайын Қазақстан жұртшылығын түлектер тапсыратын дәстүрлі қорытынды тестілеуді өткізу жағдайы мазалады. Себебі, біздің көршілес елдердің емтихандары мамыр айында болса, олар сынақты маусымның басына ауыстырды. Дегенмен, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық бірыңғай тестілеу уақыты бұрын бекітілген мерзімде өтетінін жеткізді. Нақтырақ айтсақ, елімізде ҰБТ мамыр айында емес, маусымның айының аяғында ұйымдастырылатыны мәлім. Енді, осы аптаның соңына қарай ел аумағында түлектер ҰБТ-ны тапсыруға кіріседі.
Тарих пен тағзым НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - XX ғасырдың 20-30 жылдары болған саяси қуғын-сүргін мен зұлмат жылдар – Қазақстан үшін ғана емес, Еуразия даласындағы адамзат тағдырының трагедиясы. Қазан төңкерісінен кейінгі жалғасқан 1921-22 жылдардағы Қазақ даласындағы жұт пен аштық, 1920 жылдардың соңындағы кәмпескелеу мен ұжымдастыру, 1931-1933 жылдардағы жаппай ашаршылық, 1937 жылғы саяси репрессия қазақ халқының санын жартысына дейін азайтып қана қоймай, тұрмысын тұралатып, дәстүрлі көшпелі шаруашылығын күйретіп, қазақ мәдениеті мен өзіндік сана-сезімін өзгертіп жіберді. Репрессия мен аштық Орталық Азия халықтарының экономикасы мен экологиясы, демографиясы мен руханиятына ауыр зардабын тигізді. Сол тақсіретті ұмытпау үшін Қазақстанда 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып бекітілген. Бұл туралы Strategy2050.kz сайты жазады.
ары қарай
Жоғары қарай