Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Грузия 1 маусымнан бастап шетелдіктер үшін құрлықтағы шекараны ашады

2021 жылдың 25 мамыр 2021 19:54

ТБИЛИСИ. Грузия жаңалықтары-ҚазАқпарат - Грузия 1 маусымнан бастап шетелдік азаматтар үшін құрлықтағы шекараны ашады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Грузия жаңалықтары порталына сілтеме жасап.

Бұл шешімді бүгін, 25 мамыр күні Грузия үкімет мүшелері, сондай-ақ эпидемиологтар мен дәрігерлерден тұратын ведомствоаралық үйлестіру кеңесі қабылдады.

Енді Грузияға коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсын алғаны туралы құжаты мен теріс нәтиже көрсеткен ПТР тестіден өткені туралы анықтамасы бар шетелдік азаматтар кіре алады.

Немесе, тек ПТР тест өткені жайында анықтамамен кіруге болады, бірақ бұл жағдайда Грузияға келген азамат алдағы 72 сағатта тағы бір ПТР тест тапсыруы тиіс.

Коронавирус пандемиясына байланысты Грузия құрлықтағы және әуедегі шекарасын 2020 жылдың ақпан айында жауып тастаған.

Бір жылдан кейін, 2021 жылдың ақпанында ел тұрақты әуе қатынасын жаңартты.


Жоғары қарай